Хабарландыру » О.Жандосов (Совет) атындағы орта мектеп
Алматы облысы
Еңбекшіқазақ ауданы білім бөлімінің
"О.Жандосов атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
01
апрель
2024

Хабарландыру

5 – 11 сынып оқушыларына арналған «ECO BOOK» экологиялық жобалар конкурсының
Ережесі

1. Жалпы ереже

1) Осы Ереже 5-8 сынып окушыларына арналған «ECO BOOK» аудандық экологиялық жобалар конкурсының мақсаттары мен міндеттерін, сондай-ақ ұйымдастыру-әдістемелік қызметті қамтамасыз етуді, өткізу тәртібін, оған катысу шарттарын, жүлдегерлер мен жеңімпаздарды анықтауды айқындайды.
2) Конкурстың ұйымдастырушысы Еңбекшіқазақ аудандық білім бөлімі болып табылады. (Бұдан әрі Білім бөлімі)
3) Конкурстың негізгі мақсаты – мектеп оқушыларының экологиялық білім мен тәрбие бере отырып,; Soft skills дағдысын нығайту; зерттеу қабілеті жоғары дарынды оқушыларды анықтау және қолдау.
4) Конкурстың негізгі міндеттері:
- еліміздің жас ұрпағында экологиялық мәдениетті және жаhандық проблемаларды шешу жолдарын ұсына отырып кәсіптік бағдар беру;
- табиғи және жасанды экожүйелерді зерттеу мен сақтауға қызығушылықты қолдау;
- мәдени және табиғи байланыстарды сақтау ережесіне сәйкес балаларды бірегей жалпы адамзаттық құндылықтарга тәрбиелеу;
-оқушылардың зияткерлік-шығармашылық әлеуетін ынталандыру және туған өлкенің табиғатына ұқыпты қарауға тәрбиелеу.

2. Конкурсты ұйымдастыру және өткізу тәртібі
1) Конкурсты дайындау мен өткізу бойынша жұмысты үйлестіру және жүзеге асыру үшін Еңбекшіқазақ аудандық білім бөлімі жанынандағы әдістемелік кабинетінен ұйымдастыру комитеті құрылады.
2) Ұйымдастыру комитеті Конкурстың қорытынды кезенің дайындауға және өткізуге тікелей басшылықты жүзеге асырады,қазылар алқасының құрамын, қатысушы - командалардың тізімін бекітеді; конкурстың қорытындысын шығарады және жеңімпаздар мен жүлдегерлерді марапаттайды.
3) Қазылар алқасы қатысушылардың жұмыстарын тексереді және бағалайды, жеңімпаздар мен жүлдегерлерді анықтайды.

4) Конкурс талаптары
Конкурс екі кезеңде өткізіледі:
I кезең– аудандық (іріктеу) 24.04.2024 жылы өткізіледі;
Конкурстың бірінші кезеніне қатысу үшін білім беру ұйымдары тиісті білім бөлімдеріне өтінім береді.
1. Қатысушылар өздерін немесе командаларын таныстырады (1-2 минут)
2. Жоба туралы ақпарат (бизнес план,буклет,кітап,ғылыми бағдарлама, журнал және тб форматта)
3. Макеттің болуы
4. Білімін арттыру ( сала бойынша қандай кітаптар оқыды,қандай қосымша білім алды,басқа ұйымдармен байланысы)
5. Жаңашылдық (жаңа техноллогия, ноухау)
6. Қоғамға пайдасы
II кезең - аудандық (қорытынды) 25.04.2024 жылы өткізіледі;
1) Конкурстың ІI кезеңінде І турдан өткен жоғары ұпай алған оқушылар жіберіледі.
2) Аппеляция карастырылмайды.

5. Конкурс қатысушыларының жұмыстарына қойылатын талаптар
1) Конкурсқа 5-11 сынып окушыларынын жұмыстары келесі бағыттар бойынша кабылданады:
• «Ever Green» бағыты – экодизайнерлер байқауы. 5-8-сынып оқушылары қатыса алады. Командалық жұмыстар қабылданады (2 қатысушыдан артық емес). Мектеп ішін көгалдандыру жұмыстарын ұсыну жобалар конкурсы. Осы бағыт бойынша экологиялық жағдайды жақсартатын түрлі дизайнерлік макеттер мен жобалар қабылданады.
• «Zero Waste» бағыты – үздік экологиялық бастама, қалдық заттарды өңдеу және қайта пайдалану жолдарын ұсыну. Ғылыми жобалар мен идеяларды ұсыну, макет жасау.2-4 сынып оқушылары қатыса алады
-• «Eco Book» экологиялық жобасы аясында «Жасыл экономика- болашақ экологиясының бастауы» тақырыбындағы « Идеядан- кәсіпке» бағыты бойынша қалдық заттарды өңдеу және қайта пайдалану жолдарын ұсынужолдарымен қатар қалай кәсіпке айналдыру жолдары мен тәсілдерін ұсына алады. Ғылыми жобаларын қорғау барысында тың презентациялар, таныстырылымдармен қатар макеттер ұсынуға болады.

Жобалар төменде көрсетілген салалар бойынша жасалуы тиіс:
1. Агро сала (ауыл шаруашылығы, тағам өнеркәсібі)
2. Эко Туризм.
3. Эко дизайн.
Ескертпе
Жобаны жасау барысында түсірілген бейне роликтің және суреттердің болуы шарт. Видео ұзақтығы 3-5 минут.
Жұмыс қазақ және орыс тілдерінде ұсынылады.
1. Бейнеролик кез келген бейне таратқышта өңделген немесе телефон камерасымен түсірілген анимациялық, сахналанған бейнежазба, сондай-ақ арнайы бейнекамера түрінде болуы шарт.
2. Бейнеролик форматтары: MPEG4, AVI. Бейнероликте келесілер міндетті түрде болуы керек:
- бейнероликтің бастапқы кадрында жұмыстың атауы мен автордың (авторлардың) аты-жөні көрсетілуі тиіс;
- бейнеролик сонында кадрда автордың (түсірілімге қатысқан топтың)
тізімі, мектептің атауы мен жасалған уақыты көрсетілуі тиіс;

6) Бағалау критерийлері:
- тақырыпқа сәйкестігімен кәсіпке бағдарлануы;
- бейнероликтың эмоционалдылығы және акпараттық мазмұны;
- көркем орындалуы мен шығармашылығы;
- макеттің ерекшелігі мен функциясы;
- идеяның жаңалығы мен тың ерекшелігі;
- экологиялық мәселелерді шешу арқылы кәсіпке айналдыру көздері;
- қоғамға пайдасы қандай екенің анықтап айту;

4. Қорытындысын шығару және марапаттау


Аудандық « ECO BOOK» экологиялык жобаларына қатысуға өтінім

Мектеп командасы туралы ақпарат
Атауы:

Елді мекені:

Мектептің атауы:

Телефон (жұмыс немесе моб): E-mail:
Жетекшісінің аты-жөні:

Жобаның атауы:

Жобаның мақсаты мен міндеті:



1) « ECO BOOK» экологиялық жобаларына қатысу үшін өтінім MsWORD форматында мына электрондық мекенжайға e-mail: eco-book@mail.ru жолдануы тиіс.
2) Өтінімдер қабылдау 2024 жылдың 19 сәуіріне дейін қабылданады.

« ECO BOOK» экологиялық жобаларының өтілетін мекен-жайы: Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Қызылжар ауылы, «О.Жандосов атындағы орта мектеп» КММ көшесі: Жандосова №16; e-mail: eco-book@mail.ru